Абай облысыБизнесҚоғамТОП

Абай облысында кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан қолдау қарқынды

Абай облысында кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасын іске асыру аясында халықтың әлеуметтік осал топ өкілдеріне кәсіпкерлік бастамаларын қолдауға 400 АЕК-ке дейінгі өтеусіз мемлекеттік гранттар беріледі, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Грант иегерлерінің бірі Қайрат Перизат Серікқазықызы биыл Үржар ауданында өз кәсіьін ашты.

Жаңа өтінімдер 2023 жылдың 11-22 қыркүйек аралығында қабылданатын болады.

Ағымдағы жылы 204 грант беру жоспарланса, оның 128-і берілді. Көп балалы отбасылар – 70, мүгедектер – 22, мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар– 20, АӘК алушылар – 7, асыраушысынан айрылған жәрдемақысын алатындар – 7, ішкі көші-қонмен келгендерге – 2.

Грант алуға жұмыссыздар және кем дегенде тіркеу мерзімі үш жыл болған жеке кәсіпкерлер өтініш бере алады. Бұл ретте өтініш беруші әлеуметтік осал топ санатының біріне жатуы, сондай-ақ үш жылдан аспайтын мерзімде «Бастау Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздерінен оқудан өткені туралы сертификаты болуы тиіс.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button