Абай облысыБизнесҚоғамТОП

Абай облысының Үржар ауданында шағын және орта бизнестің даму қарқыны жоғары

Статистикаға сүйенсек, бірінші жартыжылдықта ауданда жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 6 523 бірлікті құрап, өткен жылмен салыстырғанда 122,1 пайызға артқан, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Оның ішінде 182 заңды тұлға, 3548 жеке кәсіпкер және 2793 шаруа қожалығы. Бүгінде тіркелген шағын кәсіпорындардың 98,6% жұмыс істеп тұр. Ауданның экономикалық белсенді тұрғындарының (42 022 адам) 15,5 % немесе 6512 адам шағын кәсіпкерлікпен айналысады.

Осы жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында Абай облысына республикалық бюджеттен 2 059,0 млн теңге бөлінген. Үржар ауданында жалпы 120 жобаға несие беру көзделіп отыр.

Бағдарламаның негізгі мақсаты – 2,5% жеңілдікпен несиелеу арқылы ауыл тұрғындарының табысын арттыру. Бағдарлама «Семей» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі арқылы жүзеге асып жатыр.

Туризмді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында Алакөл көлі республикадағы ірі туристік нысанның бірі және туризмді дамыту картасының ТОП-10 енді. Бүгінгі таңда Алакөл жағасында 430 кәсіпкерлік нысан туристерге қызмет көрсетеді. Жыл сайын демалушыларға қызмет ұсынатын нысандардың саны артып, соңғы үш жылда 55 заманауи туристік нысан пайдалануға берілді. Жеке инвестиция көлемі 7 млрд 049,0 млн теңгені құрады, оның ішінде осы жылдың 6 айында 647,0 млн теңге.

Биыл жыл басынан бері ауданда 257 лизингтік жоба жүзеге асырылды:

– «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» бағдарламасы аясында жалпы сомасы 380,9 млн теңгеге екінші деңгейлі банктер арқылы 11 жоба жүзеге асырылды.
– «Даму қоры» АҚ арқылы 316,4 млн теңге несие сомасына 7 кәсіпкерге 127,0 млн теңгеге кепілдік берілді.
– «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы жыл басынан бері жалпы сомасы 561,5 млн теңге мөлшеріндегі 68 жобаға өтінім түсіп, оның ішінде 65 жоба 463,9 млн теңгеге қаржыландырылып, 3 жоба 97,6 млн теңгеге мақұлданды.
– «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы жалпы сомасы 2 291,4 млн теңгеге лизингке 178 бірлік жаңа ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button