Абай облысыҚоғамОқиғаСемейТОП

Семейдің өрт сөндірушілері өрт кезінде 8 адамды құтқарды

Семейде көпқабатты үйдің қылтимасында болған өрттен 30 адам эвакуацияланды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Абай облысының ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін, 15 мамыр күні сағат 18: 53-те “101” пультіне Докучаев көшесінде өрт болып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына 1 БИС шақыру дәрежесі бойынша өрт сөндіру бөлімшелері дереу жіберілді.

Шақыру орнына келгеннен кейін көп қабатты тұрғын үйдің алтыншы қабатында балкон ашық жалынмен жанып жатты. Кіреберісте қатты түтін болды.

Барлау нәтижесінде алтыншы қабаттағы пәтерде жиһаз, тұрмыстық техника, жеке заттар, терезе мен есік блоктары, сондай-ақ балконның ағаш конструкциялары жанғаны анықталды.

Өрт сөндірушілердің кәсіби әрекеттерінің арқасында өрт қысқа мерзімде жойылды.

Өрт сөндірушілер құтқару қалпақтарының көмегімен жоғарғы қабаттардан сегіз адам, оның ішінде үш баланы құтқарды. 30 адам эвакуацияланды.

Өрттің алдын ала ауданы 18 шаршы метрді құрады.

Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Өрттің себебі анықталуда.

Өртті сөндіруге 17 өрт сөндіруші мен 5 бірлік техника жұмылдырылды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button