Абай облысыДенсаулықҚоғамМӘМССемейТОП

Семейде МӘМС аясында ми ісігі алынып тасталды

Семей қаласының 1975 жылы туылған тұрғыны талма ауруына шағымданып дәрігерлерге жүгінген. Науқас егжей-тегжейлі тексеруге жіберілді, жолдама бойынша бас миының КТ және МРТ жасалды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

“Науқас Семей қаласының алғашқы жедел жәрдем ауруханасының нейрохирургия бөліміне жатқызылды. КТ және МРТ нәтижелерін алғаннан кейін сол жақ маңдай бөлігінде ісік түзілуі анықталды. Содан кейін операция алдындағы дайындықты жүргіздік және BrainLab нейронавигациялық жүйесі бойынша бас сүйегінің остеопластикалық трепанациясын, ісіктерді алып тастауды бастадық. Операциядан кейін науқас өзін жақсы сезінді, жағдайы тұрақты”, – дейді нейрохирург Қойшыбаев Төлеуғали.

Естеріңізге сала кетейік, МӘМС енгізудің арқасында 2020 жылдан бастап қазақстандықтар үшін компьютерлік томография (КТ) және магнитті-резонанстық томография (МРТ) тегін жүзеге асатын болды. Пациенттерге жергілікті дәрігерден жолдама алса жеткілікті.

Сондай-ақ, жоғарыда айтылған науқас тәрізді әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының есебінен жоғары технологиялық, қымбат тұратын тексерулер мен операцияларды жасатуға мүмкіндік бар.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button