ҚазақстанҚоғамТОП

Бүгін жеңілдетілген автонесие алуға өтім қабылдау басталады – қазақстандықтар нені білуі керек

Бүгіннен бастап жеңілдетілген несие бойынша көлік алу бағдарламасы бойынша өтінімдерді қабылдау басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін хабарланғандай өтінімдерді қабылдау Астана уақыты бойынша сағат 10:00-де www.autonesie.kz ресми сайты арқылы жүргізіледі. Осы орайда өтінім беру үшін компьютер арқылы электрондық цифрлық қолтаңбаны енгізіп, қосылуға болады. Платформада тек Қазақстан Республикасының аумағында тіркелуге мүмкіндік бар.

«Сайтта өтінім берген кезде өтініш берушінің деректері автоматты түрде ЭЦҚ арқылы қалыптасады. Өтініш беруші міндетті түрде телефон нөмірін енгізіп, автокөлік өндіруші компанияны таңдап, өтінімге қол қояды. Өтінімнің тіркелуі барысы сайттағы «жеке кабинет» арқылы тексеріледі», – делінген хабарламада.

Көлік алуға жеңілдікпен несие беру бағдарламасы бойынша бұрынғы шарттар өзгеріссіз қалды:

– бір автокөліктің құны 15 млн теңгеден аспайды;

– қаржыландыру сомасы 10 млн теңгеден артық емес;

– қаржыландыру мерзімі 7 жылдан аспайды;

– бастапқы жарна – 0 пайыз.

Көлік алуға жеңілдікпен несие беру бағдарламасына «СарыарқаАвтоПром» ЖШС мен «Hyundai Trans Kazakhstan» ЖШС қатысады. Жеңілдетілген несие алатын адамның өтінімі мақұлданса, бұл компаниялар 60 күн ішінде автокөлікті жеткізуі тиіс.

Жалпы, автокөлік пен несиені берудің толық рәсімін 60 күннің ішінде аяқтау керек.

Қазақстандықтардың өтінімдері үш себеп бойынша қабылданбауы мүмкін.

Біріншіден,осыған дейін бағдарлама аясында несие алса, бұл адамның өтінімі қабылданбайды.

Екіншіден, платформада осы адамның өтінімі бұған дейін енгізіліп, қарастыру кезеңінен өтіп жатса, жаңа өтінімді қосу мүмкіндігі болмайды.

Үшіншіден,бағдарламаға қатысып жатқан банкте қаражат лимиті таусылса, өтінім қабылданбайды.

Өтінімді тексеруге тиісті уақыт керек болады. Осыдан кейін сайттағы «жеке кабинетте» өтінім мақұлданып, бағдарламаға қатысатындар пулына адамның қосылғаны туралы хабарлама келеді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button