Абай облысыҚоғамҚұрылысСемейТОП

Абай облысының әкімі «Қарағайлы» шағын ауданындағы тұрғын үй құрылысының барысын тексерді

Нұрлан Ұранхаев аталған аудандағы құрылыс нысандарын аралап, абаттандыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен танысты, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Қаланың бас жоспарына сәйкес, оң жағалауда «Қарағайлы» шағын ауданының егжей-тегжейлі жобалау жоспары әзірленді.

Ауданы – 293,0 га, тұрғын үй қоры – 1188,5 мың м2. Тұрғын үй алаңының құрылысы II кезеңнен тұрады.

I кезең: алаңы – 203,0 га, тұрғын үй қоры – 850,8 мың м2, халқы – 27,4 мың адам, көпқабатты үйлердің, 1200 орындық 4 орта мектептің, 5 балабақшаның, 500 көрерменге арналған мұз модулі және жабық теннис кортының құрылысы жүргізіледі.

II кезең: алаңы – 92,2 га, тұрғын үй қоры – 307,3 мың м2. Көпқабатты үйлер,  2 орта мектеп, 320 орындық балабақша салу жоспарлануда.

2017 жылдан бері жалпы ауданы 303,031 мың м2 құрайтын 55 үй, 3882 пәтер пайдалануға берілді.

Биылғы жылы бюджет қаражаты есебінен жалпы ауданы 95,758 мың м2 құрайтын 18 тұрғын үй салынуда. Сондай-ақ 19 тұрғын үй құрылысын бастау жоспарлануда.

Нұрлан Ұранхаев қарқынды дамып келе жатқан аудандағы жүргізіліп жатқан жұмыстарды әрі қарай жалғастыруды тапсырды.

– Жаңа Қарағайлы ауданы әрі қарай да дамиды, жайлы өмір сүруге қажетті инфрақұрылым жасалады.  Жақында ғана осы ауданда 150 орындық оңалту орталығын аштық.  Тұрғын үй қоры мен әлеуметтік нысандар біртіндеп көбейеді.  Бір сөзбен айтқанда, ауданда барлық қажетті инфрақұрылым жасалғанда аудан полицентрлі  (көпорталықты) қағидат бойынша дамиды, – деді Нұрлан Ұранхаев.

Аймақ басшысы тұрғын үйлерді жобалау кезінде халыққа қызмет көрсету нысандарын, дүкендерді, медициналық пункттерді де ескеру қажет екенін айтты.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button