Абай облысыӘлеуметҚоғамСемейТОП

Семей әкімі қала маңындағы кент тұрғындарымен кездесулер өткізуді жалғастыруда

Қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов Юность, Ұшақтар, Комсомол, Кирпичный, Жоламан, Суық бұлақ кенттерінің белсенділерімен кездесу өткізді. Кездесуде әр кенттің тұрғындары атынан келген белсенділер қала әкіміне өздерін толғандырған сұрақтарды қойды. Жиынға коммуналдық кәсіпорындардың басшылары да қатысты, – депр хабарлайды Semeynews.kz.

Ұшақтар кенті бойынша, Әуежай жақтан қарға арналған қоршау құру, №49 орта мектебі алдынан аялдама орнату, қосымша маршруттарды қосу, «Семей Тазалық» кәсіпорнымен келісім шартқа отыру, интернет желісін тарту сынды мәселелер көтерілді.

Жоламан кенті бойынша, мал жайылымына жер сұрау, Рехтика және Ульбинская көшелеріне жарықтандырулар орнату, қоқыстарды шығару және мешіт жанынан балалар алаңқайын салу мәселелері көтерілді.

Кирпичный кенті бойынша, Сырлыбаев көшесіндегі жарықтандыру мәселесі, 2-3 қабатты үйлерге орталықтандырылған жылу тарту, жол жөндеу, ойын алаңын салу, 5 және 10 Кирпичныйге сумен қамтамасыз ету сынды сұрақтар қойылды.

Суық бұлақ және Комсомол кенті бойынша, жарықтандыру тарту, жер үйлердегі қоқыс шығару, асфальт төсеу сынды мәселелер көтерілді.

“Семей қаласы өте үлкен болса да, шеткері аумақтарды назардан тыс қалдырмау үшін жұмыс жүргізіп жатырмыз. Бүгінгі кездесуде айтқан әрбір сұрақтарыңыз жауапсыз қалмайды. Биылғы бюджетке сай қарастырамыз. Әсіресе әлеуметтік нысандар мен мектептерге баратын жолдарға асфальт төсеп, жарықтандырулар жүргіземіз. Қалған жұмыстарды жоспарға сай келесі жылы атқаратын боламыз»,-деді қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов.

Қала әкімінің белсенділермен өткен кездесуі бірнеше сағатқа созылды. Семей қаласы әкімдігінің бөлім басшылары мен коммуналдық кәсіпорын басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button