Абай облысыҚоғамОқиғаСемейТОП

Семейде төрт қабатты үйде өрт болды

Оқиға қаланың 70 кварталдағы төрт қабатты үйде орын алды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Абай облысының ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың 1 ақпанында сағат 14:13-те өртке қарсы қызметке 70 квартал мекенжайы бойынша төрт қабатты тұрғын үйдің кіреберісінде түтін бар екендігі туралы хабарлама келіп түсті.

Өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде үшінші кіреберісте қатты түтін пайда болды. Газ-түтіннен қорғау қызметінің буынын құрғаннан кейін құтқарушылар дереу барлауға кірісті. Осы уақытта тұрғындар өздігінен эвакуацияланды. Оларға психологиялық көмек көрсетіліп, алғашқы медициналық тексеру жүргізілді.

Барлау барысында жертөледе 2 шаршы метр аумақта қоқыс жанғаны анықталды. Өрт сөндірушілердің шебер әрекеттерінің арқасында өрт қысқа мерзімде жойылды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
4-қабаттағы пәтерден құтқарушылар мүгедек әйелді эвакуациялады.

Өрттің себебі анықталуда.

Абай облысының ТЖД қала тұрғындары мен қонақтарына өрт қауіпсіздігі ережелерін мүлтіксіз сақтау туралы еске салады!

Сақ болыңыз! Төтенше жағдай туындаған кезде “101” немесе “112” нөмірлері бойынша хабарлаңыз.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button