ШҚОҚоғамҚұқықбұзушылықҚылмысТОПШҚО

Өскеменде аукцион арқылы автокөлік сатып алуды ұсынған алаяқ құрықталды

Алаяқ қала тұрғынының 1,5 млн теңгесін жымқырған, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, Өскемен қаласы ПБ Үлбі кезекші бөліміне 39 жастағы жергілікті тұрғыннан өтініш келіп түскен. Ол өзінің танысы 2013 жылы шығарылған Hyundai Accent автокөлігін аукцион арқылы сатып алу сылтауымен оның 1 млн 325 мың теңге қаражатын алдап иемденіп алғанын хабарлаған.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстаған. Ол бұрын сотталған 46 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Ол жауап алу кезінде кінәсін толық мойындады.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті екі жылға дейінгі мерзімге шектеу немесе бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға тартылуы мүмкін.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button