Абай облысыҚоғамСемейТОП

Әскерилер арасындағы ашылған қылмыстар жайлы тұңғыш кітап жарыққа шықты

Семейде «Әскери-тергеу құқықтық тәртіп күзетінде» атты кітаптың салтанатты түрде лентасын қию рәсімі өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

ҚР ІІМ Шығыс өңірлік Әскери тергеу басқармасының ақпараты бойынша, бұл кітап-Қазақстан Республикасының әскери-тергеу саласы жайында жарық көрген алғашқы кітап.

Шығыс өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы, әскери бөлім командирлері мен ардагерлерінің қатысуымен өткен салтанатты шарада қызметте үздік деп танылған офицерлерге ҚР ІІМ бұйрығымен арнайы төсбелгілер табысталды.

Кітапта әскери тергеу саласының өткен тарихын тарқатып қана қоймай, қазіргі таңда жедел уәкілдер мен әскери тергеушілер қандай жұмыстар атқарып жүр?Әскери қоғамдағы алар орны қандай? деген тақырыпта кеңінен тоқталған. Сонымен қатар, кітапта әскери-тергеу органдарының құрылу тарихы, Шығыс өңірлік әскери-тергеу басқарамасы жайлы бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде газеттер мен ақпараттық сайттарда шыққан мақалалар, телеарнаға берген сұхбаттар жазылған. Сондай-ақ, Шығыс өңірлік әскери-тергеу басқармасының қызмет барысындағы тыныс-тіршілігі, өткізілген түрлі қайырылымдық іс-шаралар мен офицерлеріміздің спорттық жетістіктері туралы жазылған.

-Кітаптың ең соңғы әрі маңызды бөлігі «Ашылған қылмыстар хроникасы» деп аталады.Онда жедел уәкілдер мен әскери тергеушілердің қылмыстарды ашудағы табандылығы мен қырағылықтары туралы баяндалған. Алдағы уақытта осы соңғы бөлігін тағы да жинақтап, бөлек кітап ретінде шығару жоспаланып отыр- дейді «Шығыс» өңірлік әскери тергеу басқармасының бастығы полковник Мұхамед-Қали Қарсыбеков.

Кітапты жазуға арнайы шығармашылық топ құрылып, оған «Шығыс» өңірлік әскери тергеу басқармасында қызмет еткен ардагерлер және қазіргі таңда қызмет етіп жүрген офицерлер мен сержанттар тарихи деректерді, ардагерлер мен қызметте жүрген офицерлер жайлы ақпараттарды ұсынып, ашылған түрлі қылмыстар бойынша кеңесшілік еткен.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button