Абай облысыҚоғамСемейТОП

Қалалық әкімдікте Дүниежүзілік банк өкілдерімен кездесу өтті

Семей қаласы әкімінің орынбасары Руслан Базарбаев Дүниежүзілік банк делегациясымен кездесіп, тараптар туризмді, экономиканы, жеңіл өнеркәсіпті, қала инфрақұрылымын дамыту перспективаларын, сондай-ақ жылумен жабдықтау мәселелерін талқылады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Халықаралық қаржы ұйымының өкілдері қаладағы жеңіл өнеркәсіптің ескі кәсіпорындарын қолдауға дайын екендіктерін білдірді.

Дүниежүзілік банк пен Қазақстанның 2020-2025 жылдарға арналған әріптестік стратегиясы жұртшылықпен өзара іс-қимылды және стратегиялық маңызды жобаларды инвестициялауды көздейді. Бүгінгі таңда бұл ұйым ҚР Ұлттық даму министрлігі үшін Өңірлерді дамыту жөніндегі бірыңғай жобаны дайындауға қатысады, бұл ретте еліміздің жаңадан құрылған облыстарына ерекше назар аудару жоспарлануда.

“Біздің сапарымыздың мақсаты-өңірдегі әлеуметтік жағдаймен және проблемалармен танысу. Біз Қазақстанның жаңа облыстары мен облыстық маңызы бар қалалары экономикасының негізгі драйверлерін анықтауға тырысамыз. Жақын арада біз жиналған ақпаратпен бөлісуді және жаңа жобаларды бірлесіп ұсынуды жоспарлап отырмыз”,-деп атап өтті Дүниежүзілік банк делегациясының қатысушысы Чи-Юн Хуан.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button