ШҚОКриминалТОП

Өскеменде жасөспірімдер колонияға есірткі затын лақтырмақ болған

Өскеменде ОВ-156/3 мекемесіне есірткі затын лақтырмақ болған оқушылар ұсталды, деп хабарлайды Semey News.

ШҚО бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша, ОВ-156/3 мекемесінің қызметкерлері түнгі уақытта колонияның айналасы бойынша кезекті қарау жүргізген. Аумақты тексеру кезінде олар қоршаудың үстінен бірдеңе лақтырмақ болған екі адамды байқады. Мекеме қызметкерлері күдіктілерді ұстады, олар – 17 жастағы Өскемен қаласының оқушылары болып шықты.

«Кәмелетке толмағандар негізгі қоршаудың үстінен ақ және жасыл түстегі таблеткалар, ұялы телефон және қуаттау құрылғысы оралған екі буманы лақтырмақ болған. Кәмелетке толмағандарға қатысты хаттама толтырылды»,-деді колония бастығы әділет полковнигі Тлеуберген Конекбаев.

Тәртіп бұзушылар ҚР ӘҚК заңнамасы бойынша жазаға тартылады.

 Semey News.

Осы айдарда

Back to top button