Абай облысыҚазақстанҚоғамСемейТОП

Семейлік Зарина Сарипова қазақ күресінен Әлем чемпионы атанды

Астана қаласында қазақ күресінен көптен күткен Әлем чемпионаты өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Әлем чемпионатына 40 мемлекеттен 350 ге жуық ең білекті балуандары қатысты. Жерлесіміз Сарипова Зарина 65 келі салмақта алғашқы белдесуінде Италия спортшысын, 2-ші белдесуінде Өзбекстан спортшысынан басым түсіп, ақтық сында Қырғызстан мемлекетінің балуанын ұтып Әлем чемпионы атанды!

Зарина Сарипова қыркүйекте Туркияда өткен IV Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарында жеңіске жетіп, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қолынан “Ерен еңбегі” үшін медалімен марапатталған болатын!

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button