Абай облысыҚоғамСемейСпортТОП

Семейде жоғарғы оқу орындары және колледж оқытушылары арасында қалалық спартакиада өтті

Геологиялық барлау колледжінде Семей қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастырумен қаладағы жоғары оқу орындары мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушылары мен қызметкерлері арасында қалалық спартакиада өтті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

5-10 желтоқсан аралығында жоғары оқу орындары мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушылары мен қызметкерлері спорттың бес түрінен жарысқа түсті. Спартакиадаға 12 команда қатысты. Ерлер – волейбол, теннис, баскетбол, футзал, тоғызқұмалақтан күш сынасса, әйелдер – волейболдан мықтыларды анықтады.

Тартысты бәсекеде І орынды – Геологиялық барлау колледжі, ІІ орынды – А. Бөкейхан университеті, ІІІ орынды – Шәкәрім университеті жеңіп алды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button