Абай облысыҚоғамСемейСпортТОП

Абай облысының екі спортшысы Комбат Дзю-дзюцудан әлем чемпионатының жүлдегерлері атанды

Барселонада өткен Комбат Дзю-дзюцудан әлем чемпионатында Абай облысының спортшылары жеңіске жетті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Дарын Аймұхамбетов (80 кг) әлем чемпионы, Дәулет Аманұлы (57 кг) әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Бүгін облыс әкімі Абай Нұрлан Ұранхаев, облыстық мәслихат хатшысы Қуаныш Сүлейменов, дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ержан Әбілқасымов спортшыларды жеңістерімен құттықтап, сәттілік тіледі.

Нұрлан Ұранхаев атап өткендей, спортты қолдау басым міндеттер қатарында. Ол үшін өңірде дене шынықтыру-сауықтыру кешендері салынуда, Мұз сарайын салу, Абай облысының әкімшілік орталығында стадионды қайта жаңарту жоспарлануда.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button