Абай облысыҚоғамСемейСпортТОП

“Елімай” ФК жиындарына тек соңғы тәулікте 150 адам ниет білдірді

Бұған дейін хабарланғандай, 12 желтоқсанда “Спартак” стадионында “Елімай” ФК жиындары өтеді. Ниет білдірушілер арнайы сауалнаманы толтыру арқылы қатыса алады. Тек соңғы тәулікте 150 адам командаға кіруге ниет білдірді. Тіркеу жалғасуда, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Естеріңізге сала кетейік, жиындардың басталуы 12 желтоқсанда сағат 15:30 – да, жаттығу сабағы сағат 16:00-де жоспарланған.

Жас шектеулері-22 жас.

Екі күн бұрын біздің атақты жерлесіміз, қазақстандық футбол аңызы Самат Смақовпен тікелей эфир өтті, оның барысында ол командаға және жаттықтырушылар құрамына іріктеудің басталғаны туралы айтты. Командаға іріктеу 16 желтоқсанға дейін жалғасады. Содан кейін кіммен келісімшарт жасасу туралы шешім қабылданады.

Мұнда іріктеуге қатысуға тіркелуге болады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button