Абай облысыҚоғамСемейТОП

Абай облысында облыстық және республикаішілік тасымалдарға конкурс жарияланды

Абай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы 26 желтоқсаннан бастап жолаушылар мен багажды ішкі республикалық және облыстық автомобильмен тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына конкурс өткізудің басталғаны туралы хабарлайды, – деп Semeynews.kz.

Байқауға қойылған бағыттар:
“Семей – Ақсуат” бағыты;
“Семей-Қарауыл” бағыты;
“Семей – Әуезов” бағыты;
“Семей – Шар” бағыты;
“Семей – Шүлбі” бағыты.

Конкурсқа меншік нысанына қарамастан, меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде автокөлік құралдарын иеленетін кез келген жеке және заңды тұлғалар қатысады.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірушілер Абай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына Семей қаласы, Достоевский, 110, 318 кабинет мекенжайы бойынша конкурстық құжаттар жиынтығын алуға жазбаша өтінім береді.

Конкурстық құжаттарды алуға өтінімдерді қабылдаудың және конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі-2022 жылғы 30 желтоқсан.

2022 жылғы 19 желтоқсанда конкурстық комиссия конкурсты өткізу мәселелері бойынша конкурс алдындағы конференция өткізеді.

Осы айдарда

Back to top button