Абай облысыҚоғамСемейТОП

Абай облысында жылумен жабдықтау мәселесін қалай шешіледі?

Екібастұздағы ЖЭО-да болған ауыр апаттан кейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев орталық және жергілікті атқарушы органдарды тексеретін комиссия құруды тапсырды. Комиссияны президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Тимур Сүлейменов басқарды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

2 желтоқсанда Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевпен бірге Тимур Сүлейменов Семейдің жылу көздерін аралап шықты. Құрылған комиссия орталық және жергілікті атқарушы органдардың қысқы жылыту маусымына дайындық жөніндегі қызметін тексерді. Тимур Сүлейменовтен басқа комиссия құрамына Бас прокуратураның, жоғары аудиторлық Палатаның, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің және басқа да уәкілетті мемлекеттік органдардың өкілдері кірді.

“Комиссия жұмысын бастады. Кеше Астанада орталық атқарушы органдардың қатысуымен кеңес өтті. Бүгін Абай облысында кеңес өтті. Таңертең біз нысандарды аралап көрдік. Жағдай өте қиын, бірақ бақыланатын. Бұл жерде желілер өз жұмысын атқарып жатқан әкімдіктің теңгерімінде тұрғаны үлкен көмек деп санаймыз. Әрине, қажетті жаңғырту, жоспарлы жөндеу мәселелері бар. ТЭН мен ЖСҚ дайындалуына қарай мәселе шешіледі деп үміттенеміз. Біздің міндетіміз-комиссия нысандарды тексеріп қана қоймай, жинақталған мәселелерді шешуге көмектесуге тырысуы”, – деді Тимур Сүлейменов.

Айта кетейік, қазіргі уақытта 3 қазандықты қайта құруға ЖСҚ әзірленуде. Жалпы қосымша қуат сағатына 94 Гкал құрайды. (“103-103А”,” 35 квартал”,”Зооветинститут”). Сондай-ақ, мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Энергетика министрлігі Семей қаласында ЖЭО-3 құрылысының ТЭН-ін әзірлеу туралы шешім қабылдады. Қазіргі уақытта “Самұрық-Энерго” АҚ ТЭН әзірлеуге техникалық тапсырма дайындады. Бұл жылу энергиясының өнімділігін арттыруға және көптеген моральдық тұрғыдан тозған Экологиялық қолайсыз қазандықтарды алмастыруға мүмкіндік береді.

Жылумен жабдықтау саласындағы басты проблемалардың қатарында жылу желілерінің жоғары тозуы да бар. Желілердің орташа тозуы 63,8% құрайды. Оның ішінде Семей қаласы бойынша 322 шақырым, орташа тозуы 68%. Энергия өндіруші ұйымдардағы жылу желілері мен технологиялық жабдықтардың жоғары тозуы жылу энергиясын өндіру және тасымалдау кезінде жоғары шығындарға әкеледі. Осыған байланысты бүгінгі күні Семей қаласы мен Абай ауданының Қарауыл ауылында 1,3 млрд. теңге сомасына жылу желілерін салуға 3 ЖСҚ әзірленді. Степной және Ұшақтар кенттерінде жылу желілерін салу бойынша жобалар іске асырылуда.

Сондай-ақ, табиғи монополиялар субъектілері желілердің тозуын азайту үшін инвестициялық бағдарламалар шеңберінде іс-шараларды орындайды. Қолданыстағы тарифтік саясат желілерді қайта құру және жаңғырту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізуге мүмкіндік бермейді, ал тозу озық қарқынмен өсуде. Энергия өндіруші ұйымдардағы жылу желілері мен технологиялық жабдықтардың жоғары тозуы жылу энергиясын өндіру және тасымалдау кезінде жоғары шығындарға әкеледі. Осыған байланысты біз Абай облысын дамытудың 2027 жылға дейінгі кешенді жоспарына енгізілген бірінші кезектегі іс-шаралар жоспарын әзірледік. Оған 149,1 млрд. теңге сомасына 29 жоба кіреді. Сондай-ақ Аягөз қаласында ЖЭО және Курчатов қаласында орталық қазандық салу қажет.

Бүгінде Абай облысын орталықтандырылған жылумен жабдықтау қуаты сағатына 100 Гкал астам 4 ірі жылу көздерімен (ЖЭО -1, ҚР 1, қазандық орталығы және Жезкент кентінің қазандығы) және қуаты сағатына 100 Гкал кем 40 жылу көздерімен (Семей қаласында 19 бірлік және облыстың 6 ауданында 21 бірлік) қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, облыс бойынша 273 дербес қазандық бар. Облыс бойынша жылыту маусымына көмірдің жалпы қажеттілігі 1,2 млн тоннаны құрайды (орталықтандырылған жылу көздері үшін 595,4 мың, халық үшін 564 мың, бюджеттік ұйымдар үшін 83,1 мың тонна). Оның ішінде 727,9 мың тонна жеткізілді.

Semeynews.kz 

Осы айдарда

Back to top button