ШҚОҚоғамОқиғаТОПШҚО

ШҚО-да көлік қар көшкінінің астында қалды

Алтай ауданының тәртіп сақшылары қар көшкінінің астында қалған көлікті шығаруға көмектесті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Боран кезінде ерлі-зайыптылар және үш жолаушысы бар автокөлік Өскеменнен Алтай қаласына шыққан. Таңғы сағат 05:00-де Өскемен – Рахман қайнарлары тас жолының серпантинінде көлікті қар көшкіні жауып қалған. Бұл күні облыстың қауіпті жолдарының бірінде азаматтардың қауіпсіздігі мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мақсатында Серебрянск қаласы полиция бөлімінің бастығы Қайрат Сұлтанғалиев , Серебрянск қаласы ПБ бастығы Ернұр Макиленов және Алтай ауданы ПБ ЖТИ мемлекеттік автоинспекторы Орынбасар Тұрғановпен бірге патрульдеуге шыққан.

Алдын алу шаралары мақсатында жолға шыққан тәртіп сақшылары қар басқан көлікті көріп, көмекке асыққан. Алдымен полиция қызметкерлері көлікті күрекпен қазып алып шығуға тырысқанған. Алайда нәтиже болмаған. Уаз автокөлігімен сүйреу де нәтижесіз болған. Сондықтан қызметкерлер көмекке грейдер тракторын әкелген. Оның көмегімен автокөлікті қар қақпанынан шығаруға мүмкіндік туды.

Алтай қаласына жолға шыққан үш жолаушыны полицейлер көлікке отырғызып салып жіберген. Ал Өскемен қаласына жолдың жабық болуына байланысты ерлі-зайыптылар Серебрянск қаласында қалды. Оларға құқық қорғау органдарының қызметкерлері ыстық шай мен түскі асты беріп, көлікті жөндеу үшін қонақ үйге орналастырған. Ерлі-зайыптылар қиыншылық туған кезде немқұрайлы қарамаған және осындай қиын жағдайда көмектескен полицейлерге алғысын білдірді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button