Абай облысыҚоғамОқиғаСемейТОП

Семейде мектепте өрт шықты

Семейде Т.Аманов атындағы № 16 жалпы орта білім беретін мектепте өрт болды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Электр сымдарының өртенуіне байланысты №16 мектепте түсте оқу процесін тоқтатуға тура келді.

Өрт сөндірушілер келген кезде мектеп әкімшілігі 88 мұғалім және 491 оқушы эвакуацияланған. Құтқарушылармен 10 шаршы метр аумақтағы өрт жойылды. Зардап шеккендер жоқ.

Белгілі болғандай, мектеп электригі ғимараттың бірінші қабатында орналасқан қалқаншадағы көпфункционалды электр есептегішін ауыстыру бойынша жұмыс жүргізген. Құрылғыны ауыстыру кезінде қысқа тұйықталу пайда болған, бұл өртке әкеп соқты. Өрт тек электр есептегіші орнатылған бөлмеде ғана болды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button