ШҚОҚоғамҚұқықбұзушылықТОПШҚО

ШҚО полицейлері үш күнде 600-ден астам қаңғыбас малды айыппұл тұрағына қамады

Ағымдағы жылдың 13-16 қыркүйек аралығында мал ұрлығының алдын алу және жолын кесу мақсатында Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті «Барымта» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2022 жылы қабылданған шаралардың нәтижесінде мал ұрлау фактілері 7% – ға төмендеген.

Облыстық жедел-алдын алу іс-шарасын өткізуге 500 полиция қызметкері және ветеринариялық бақылау қызметінің 42 маманы жұмылдырылды.

Тәртіп сақшыларының іс-әрекеттерінің арқасында үш күн ішінде бұрын жасалған 5 мал ұрлығы анықталып, ашылды.

Мысалы, жедел алдын алу іс-шарасы барысында Глубокое ПБ-нің қызметкерлері құны 700 000 теңге тұратын жылқыны ұрлады деген күдікпен 60 жастағы «барымташыны» ұстады. Ер адам полиция бөліміне жеткізілді, одан жауап алу кезінде ол өз кінәсін мойындады.

Қазіргі уақытта оның ұқсас қылмыстар жасауға қатысы бар-жоғы анықталуда.

Жедел алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде полиция қызметкерлері айыппұл тұрағына 600-ден астам қаңғыбас малды қамады, сондай-ақ , тәртіп сақшылары 32 бас малды тауып, заңды иелеріне қайтарды. Сонымен қатар, тиісті құжаттарсыз мал мен ет өнімдерін тасымалдау және сату (ӘҚБтК-нің 406-бабы) бойынша 22 бұзушылық анықталды.

Мал ұрлығы және жоғалу мәселесі бүгінгі күнге дейін өзекті болып қалуда, сондықтан ШҚО Полиция департаменті мал ұрлығына байланысты қылмыстардың алдын алу үшін мал иелерін мал жаю кезінде оларға барынша бақылау жасауға шақырады, сондай-ақ жоғалған жағдайда дереу полицияға хабарласуды сұрайды. Өйткені жедел әрекет ету, қылмысты «ізін суытпай» ашу және қаскөйлерді ұстау мүмкіндігі едәуір арттырады.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button