Абай облысыҚоғамОқиғаСемейТОП

Абай облысының полицейлері жанып жатқан пәтерден зейнеткерді құтқарып қалды

Облыс орталығындағы 410 кварталда жалғыз басты зейнеткердің пәтерінде өрт болды, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Семей қ. ПБ Әуезов ПБ жергілікті тұрғын өрт туралы және пәтердегі 63 жастағы жалғызбасты әйел туралы хабарлаған.

Полиция қызметкерлері шұғыл әрекет етіп, өрт сөндіру қызметі келгенге дейін есікті бұзып ашып, ес-түссіз еденде жатқан әйелді алып шықты.

Сонымен қатар, полицейлер жедел жәрдем бригадасын күтпей, зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетті.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button