ШҚОҚоғамҚылмысТОПШҚО

ШҚО-да қоймашы 5 млн теңгеден астам минералды суды жымқырды деген күдікке ілінді

Облыс орталығында қоймашы сомасы 5 млн теңгеден астам минералды суды жымқырды деген күдікке ілінді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Өскемен қ. ПБ Үлбі полиция бөлімінің «102» жедел арнасына қаладағы ЖШС бірінің өкілінен өтініш келіп түскен. Ер адам тауарларға түгендеу жүргізу кезінде 34 945 бөтелке минералды судың жетіспейтінін анықтаған, оған 40 жастағы қоймашы жауапты болған. Күдіктінің іс-әрекетінен келтірілген залал шамамен 5 600 000 теңге сомасына бағаланған.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша дәлелдемелерді жинауға және тексеруге бағытталған барлық қажетті тергеу іс-әрекеттері жүргізілуде. Күдіктіге қатысты процестік мәжбүрлеу шарасы – келу міндеттемесі таңдалды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 189-бабы 3-бөлігі (сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу)бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button