Абай облысының әкімі Ресейдің «Полиметалл» компаниялар тобының директорымен кездесті

Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Ресейлік «Полиметалл» компаниялар тобының директоры Виталий Несиспен кездесті, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
Кездесу барысында инвестициялық мүмкіндіктер талқыланды. Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев өңірде жұмыс істеуші ірі компанияның инфрақұрылдымды дамытуға, әлеуметтік нысандардың бой көтеруіне ат салысуы, екі жақты серіктестіктің мызғымас тірегі болатынын атап өтті.
«Полиметалл» компаниялар тобы Қазақстан нарығына алғаш 2009 жылы енген. 2014 –ші жылы құрамына «Бақыршық» және «Большевик» кен орындары енетін «Қызыл» жобасын іске асыра бастады. «Бақыршық» кен орынындағы қазба байлықтың қоры 280 тонна.
«Көлік-логистикалық серіктестік саласында Абай облысын Ресей Федарациясы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы көпір деп атауға әбден болады. Бұл орайда Аягөз-Тачэн бағытындағы темір жолының құрылысы зор мүмкіндікке ие», – деп атап өтті Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев.
Semeynews.kz