
Риддерде зейнеткерден оқ-дәрі қоймасы табылған, – деп хабарлайды Semeynews.kz.
ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, Риддер қаласының ПБ криминалдық полиция қызметкерлері «Қару» ЖПІШ аясында жедел-іздестіру іс-шараларын өткізген, оның барысында 62 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды.
Тәртіп сақшылары веранданың қойма бөлмесінен 5,6 мм калибрлі 703 патрон, 37 дана 20 мм тегіс ұңғылы мылтық, 7 дәрі қорабы, 3 қап үгінді, сондай-ақ қару дүмбісі мен соққы механизмін тапқан.
“Әйелі оның жұбайы қайтыс болғаннан кейін барлық арсеналдың оған қалғанын айты. Зейнеткер әйел де және оның марқұм жұбайыда қару иелері ретінде базада жоқ. 62 жастағы қала тұрғынына қатысты келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. («Жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғылардың оқ-дәрілерін заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру». )”, – делінген ведомство хабарламасында.
Еске салайық, осы баптың санкциясымен күдіктіге бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Semeynews.kz