Абай облысыҚоғамСемейТОПЭкономика

Абай облысында өңдеу өндірісі бойынша 30 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда

Ол бойынша 7 мың жаңа жұмыс орыны ашылады. Бұл туралы Семей бизнес-конференциясында Абай облысы әкімінің бірінші орынбасары айтып берді, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

«Абай облысында өңдеу өндірісі бойынша 30 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Ол бойынша 7 мың жаңа жұмыс орыны ашылады.   Оның ішінде биылдан бастап 3 жоба іске асырыла бастайтын болады. Бұл жобалар бойынша 785 жаңа жұмыс орыны ашылады- деп атап өтті Абай облысы әкімінің бірінші орынбасары Айдын Кәрімов Семей бизнес-конференциясында.

Конференцияны ұйымдастырушылар қазіргі күнде кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған  мемлекеттік қолдаудың көптеген тетігі бар екенін атап өтті. Солардың бір  Үкімет құрастырған ел ішіндегі құндылықты дамытуға  бағдарлама. Аталған бағдарлама аясында импорт алмастыру бойынша тауар өнідіретін кәсіпкерлерге қаржылық көмек жасалады.

Сонымен қатар ұйымдастырушылар «Атамекен» ҰКП бизенеске арналып жасалған цифрлық жүйе туралы айтты. Цифрлық жүйеге тіркелген әрбір кәсіпкер өзіне қажетті барлық ақпаратты ала алады.

Конференцияның мақсаты – кәсіпкерлерге «Самұрық-Қазына» АҚ отандық өнім өндірушілерге қалай қолдау көрсететінін қарапайым тілде жеткізу.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button