Абай облысыҚоғамНАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАРСемейТОП

Семейліктерге орманға кіруге тиым салынды

Ауа температурасының +38°С-қа дейін қалыптан тыс көтерілуіне байланысты «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының мемлекеттік орман қорының аумағында жоғары өрт қауіптілігі сақталады, – деп хабарлайды Semeynews.kz.

Осыған байланысты «Семей орманы» МОТР орманға кіруге және ормандағы кез-келген қызметке ТЫЙЫМ САЛАДЫ!

Сондай-ақ, орманды дала мен далалы аймақтарда абай болыңыздар!

Отты абайсыз пайдалану, ұшқын сөндіргішсіз автотракторлық техникамен жұмыс, тасталған шылым қалдықтары немесе жанып жатқан сіріңке, тұрмыстық қоқыс құрғақ шөпті өсімдіктер мен қылқан жапырақты орман жамылғысының өртке орануына және сөндіруге қиынға түсетін, жоғарыдағы қаулама өртке әкеп соқтыруы мүмкін!

Табиғатты сақтаңыздар! Орман және оның мекендеушілерін қорғаңыздар!

Қырағылық танытыңыздар, ойланбай істелген әрекет үлкен апатқа әкелуі мүмкін!

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button