ШҚОҚоғамТОПШҚО

7 маусымнан бастап Өскеменде трамвай қатынасы тоқтайды

«Өскемен көлік компаниясы» ЖШС ертеңнен бастап трамвай қозғалысы тоқтайтынын растады, деп хабарлайды Semeynews.kz Алтайньюс-ке сілтеме жасап.

–  7 маусымнан бастап Мызы, Қазақстан, Нұрмағамбетов (бұрынғы Орджоникидзе) көшелеріндегі рельстерді жөндеу, қайта жаңарту жобасының басталуына байланысты трамвай қозғалысы жабылатын болады, – деп түсіндірді «Өскемен көлік компаниясы» ЖШС басшысы Михаил Чайка.

Оның айтуынша, трамвай жолдарын ауыстыру жұмыстары Қазақстан көшесіндегі Қабанбай батыр көшесімен қиылыстан трамвай паркіне қарай басталады.

–        Қозғалыс 10 күнге жабылады. Мейлінше жұмысты ертерек аяқтап, келесі дүйсенбіде тармвайларды іске қосуға тырысамыз. Яғни, 550 метр рельс жаңартылуы керек, – деп атап өтті ЖШС басшысы.

Трамвай қозғалысы жабылған уақытта қосымша автобус маршруаттары қалай ұйымдастырылатыны әлі де белгісіз.

Еске сала кетейік, бүгін таңертең сағат 06:30 шамасында Үлбі көпірінде трамвай рельстен шығып, қарсы бағыттағы трамвай қатынасын жауып тастаған болатын.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button