ШҚОҚоғамҚұқықбұзушылықҚылмысТОПШҚО

ШҚО тұрғыны үйінде тіркелмеген қару мен оқ-дәрілер сақтаған

ШҚО тұрғыны үйінде тіркелмеген қару мен оқ-дәрілер сақтаған, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ағымдағы жылдың наурыз айының соңында Ұлан аудандық сотының тергеу судьясының санкциясымен Таврия ауылының 34 жастағы тұрғынының үйіне тінту жүргізу кезінде, одан мылтық пен әртүрлі калибрлі патрондарға ұқсас зат табылды.

Сараптама көрсеткендей, қаскөйден тәркіленген қару 1962 жылы Тула қару-жарақ зауытында шығарылған 5,6 мм калибрлі «ТОЗ-16» мылтығы екенін көрсетті. Сондай-ақ, олардың ішінде 5,6 мм калибрлі 33 патрон, 16 калибрлі 10 дана және 12 калибрлі 1 патрондар табылды.

Тексеру кезінде полицейлер ер адамның қару иесі ретінде тіркелмегенін анықтаған. Сондай-ақ, арнайы базадан тексеру кезінде бұл мылтық тіркелген және қылмыстық қару базасында болмаған.
Ұлан аудандық ПБ тәртіп сақшылары күдіктіні полиция бөліміне жеткізді.

Ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК – нің 287-бабы 3-бөлігі бойынша «Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» бойынша қылмыстық іс қозғалды, оның санкциясы 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button