Қала тарихыҚоғамМәдениетСемейТОП

Көкентау үңгірлерінің құпиясы

Семей қаласынан 90 шақырым жерде орналасқан, ірі елді мекенді, қорымдар мен шеберханаларды және қазіргі уақытта оннан астам жазбалары бар үңгірді қамтитын ең бай археологиялық кешенді 2021 жылдың күзінде «Приитышье» өлкетанушылар қоғамының мүшелері зерттеп қайтты, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Көкентау деп аталатын ежелгі елді мекен адамдар өмір сүрмейтініне байланысты қазіргі уақытқа дейін жақсы сақталған. Археологиялық кешен неолит дәуірінен ерте орта ғасырға дейін белгіленеді.

Сонымен қатар, өлкетанушылар тағы да бір зерттеуге барғанда кішігірім ашылымдар жасады.

  • Көкентау ауылына келіп, біз әдеттегі жолмен жүрмедік, Қызыл киіз үй қыстағына бармақ болып, жан-жағын қарау үшін екінші жағынан шығып одан ары тереңдей түстік, – деді өлкетанушы Екатерина Гуляева. – Белгілі болғандай, бекер емес болды. Жолдан өтіп келе жатып біз алыстан тау етегіндегі ерекше төмпектерді байқадық. Дүрбі арқылы қабырғасы мен шатыры жоқ небір қызықты ғимараттарды тамашаладық. Жақын келіп, біз мазарлардың тұтас қорым кешенін көрдік, кешен уақыт өткеніне қарамастан бұрынғы салтанаттылығын сақтап қалған.

Өлкетанушының айтуынша мазарлардың саны төртеу. Ал оның айналасына кеңінен таралған ежелгі, қола дәуірі мен ерте орта ғасырға жататын қорым жайғасқан. Иә, айбынды дала қорымында жерленгендердің замандастары болуы мүмкін.

Өкінішке орай бір бір ескерткіштердің ешқайсысы толық сақталмаған. Уақыт өзінікін алған: шикі кірпіш қатал қыстың және жаздағы нөсер жауынның сынағына төтеп бере алмаған.

Әр мазар бүгінгі күнге дейін өзінің саман «киіз үйінің» тек жартысын ғана сақтаған. XVIII ғасырдың ортасында мазарлар дәл осындай үлгіде болған. Кім біледі, балшық шатырдың дәл ортасына орнатылған құлпытастардың астында жоңғар шапқыншылығында елін, жерін қорғай білген қазақ батырларының денесі жатқан шығар?

Бұл мазарлар шикі кірпіштен тұрғызылған және балшықпен сыланған. Шатырлар құрылымы бойынша киіз үйге ұқсайтын күмбезді ғимарат. Ол шамамен XVIII ғасырдың екінші жартысы деп белгіленеді. Алайда бұл үлгі Шығыс Қазақстанға Оңтүстік өңірлерден және Орталық Қазақстаннан келді. Себебі осындай мазарлар Ұлы даламызға ислам діні келгеннен бастап XIV-XV ғасырлардан бастап салына бастаған.

Бірақта өлкетанушылардың басты мақсаты бұған дейін табылғандарды зерттеу және осы аудандағы жаңа тастағы суреттерді іздеу болды.

Айта кету керек, Көкентау тауына «Прииртышье» өлкетанушыларының алғашқы шығулары емес. Бұл жерде олар жиі келіп, түрлі зерттеулер жүргізді. Бәрі 2012 жылдан басталды, Көкентау тау массивтерінде Семей педагогикалық институтының биолог-студенттерінің тобы тәжірибеден өткен болатын. Олардың арасында өлкетанушы Валерий Колбиннің ұлы да болды. Ол жас студенттермен табылған ерекше суреттерді, кішкентай балалардың шимайы сияқты салынған суреттерді ұялы телефонына түсіріп алған. Суреттер өте ежелгі болып көрінген, бұл осыдан бірнеше ғасыр және мыңдаған жыл бұрын осы жерде тұрған біздің жерлестеріміз бізге мұра ретінде қалтырып кеткені сөзсіз.

Кейінірек осы фотосуреттер өлкетанушыларға ұсынылды. Осындай құнды ақпараттан ешкім бас тартпады. Керісінше, бірінші мүмкіндікті пайдаланып экспедиция ұйымдастырды және сол суреттер салынған үңгірді тапты. Археологтар охрамен жасалған тастағы суреттерді дәл осылай атайды. Ал петроглиф деп қол құралдарымен тасқа қашалған бейнелерді атау әдетке айналған.

Бұл жерде мұндай жазбалар көп болды. Сонымен қатар, кейінгі экспедицияларда жазбалар жазылған жаңа үңгірлер табылды. Әрине, табылған барлық олжалар фотосуретке түсірілді, ал олардың координаттары мұқият жазылып, картаға түсірілді. Көкентау тастарындағы суреттердің жасы біздің заманымызға дейінгі 3-2 мыңжылдықтар деп белгіленді, яғни олардың жасы шамамен 5 мың жыл!

Көкентау үңгірлерін алғашқылардың бірі болып «Прииртышье» өлкетанушылар қоғамының мүшесі Александр Сергеевич Долгушев зерттеді. Ол өзінің Көкентауға барған кезінде тапқан олжалары туралы айтты.

Өлкетанушылар тапқан жазбалардың мотивтері мен сюжеттері туралы Павел Николаевич Жуков айтып берді:

  • Айтып өту керек, біздің бірінші экспедиция шыққан нүкте, бұл бірінші үңгір, тар шатқал болып табылады, ал оның маңайы охрамен жазылған. Суреттерді зерттеп, өлкетанушылар оны пұтқа табынушылардың храмы деген шешімге келді.

Бұған жартастағы суреттердің бірі ойландырды. Бұл адам денелі күнбасты құдайдың бейнесі. Оның басының орнына крестпен шеңбер бейнеленген – Күннің символы. Бұл сол уақытта осында тұрған адамдардың отқа және Күнге табынғанының айқын көрінісі.

Ең қызықтысы, осы ұсынылған ежелгі картина галереясындағы кейбір сюжеттерді Семей өңірінде ешқашан кездестірмеген. Ертіс бойындағы ескерткіштер туралы айтатын болсақ, осыған ұқсас бейнелерді Өскеменге жақын жердегі ежелгі Ақбауыр тұрғындары бейнелеген.  Жақында Павлодар маңында жаңа археологиялық кешен табылды, ол жерде де осы мотивке ұқсас жазбалар кездеседі. Көкентаудағы сурет салу техникасы өрескелдігімен ерекшеленеді. Суретші саусағын охраға матырып, тасқа өз бейнесін салғанға ұқсайды. Өлкетанушылар Көкентауға барғанда саусақпен сурет салып, өздерінің эксперименттерін жасады, сызықтардың қалыңдығы тамаша сәйкес келді.

Қызық суреттердің арасында – архарлар. Олардың жанында үшбасты тау бейнеленген. Суретші дәл осы жерде тау ешкілерін аулаудың жақсы екенін көрсеткісі келген көрінеді. Айтпақшы, ежелгі петроглифтер галереясынан алыс емес жерде шынымен  де үш басты тау шығы бар, ол Үшайыр деп аталады. Бұл суретті осы жерлерде аймақтың бірінші жоспары (картасы) деп атауға болады. Тағыда тоқтала кетейік, мына суреттердің қасында тағы бір қызық сюжет бар: хаттарға арналған конфертті еске түсіретін сурет. Александр Долгушевтің ойынша, дәнді дақылдар өсірген алқапты осылай салуға болады. Бейнелерге сүйенсек, мұндағы қоныстанушылар жер игерумен айналысқан көрінеді. Өлкетанушылар қоғамының мүшесі, белгілер мен топонимдерге маманданған Хаджи-Мурат Илиуф, осындай суреттер сібір шамандарының бубандарында кездесетінін айтқан.

Тағы бір сурет – ұрғашы бұлан. Оның ұрғашы жануар екенін басында мүйіздің болмауы айтып тұр. Сонымен қатар аңшылықтың және жануарлардың бірнеше сценалары бейленеген.

  • Біз үңгірлердің бірінен қызықты бір жайтты байқадық. Охрамен салынған суретті жаңбырдың және қардың суы жуып кеткен. Алайда кейінірек байқағанымызда оны біреу тас құралдары арқылы шеттерін сызып жаңартып кеткен екен, – деді Екатерина Гуляева.

«Прииртышье» өлкетанушыларының еңбектері зия кеткен жоқ. Олар ашқан жаңалықтар археологтар тарапынан қызығушылық тудырды. Өткен жылы жазда Көкентауда археологиялық экспедиция жұмыс істеді, олар жазбалар бейнеленген үңгірлерді зерттеді және жақын жерде орналасқан үлкен мекенде қазба жұмыстарын ұйымдастырды.

Жартастағы суреттердің тағы бір түрін археологтар таба алды. Ол – тасқа ойылып жасалған петроглифтер. Ежелгі суретшілер оларды бейтаныс көзден өте мұқият жасырған. Көкентау жотасына тән тасты төбелердің бірінің ең басына орналастырған. Тек үш қана сурет болды – архар, жылқы және тор. Бұл өріс кескінінің нұсқаларының бірі болуы мүмкін. Бірақ басқа нұсқасы да бар, тоғызқұмалақ ойыны туралы, онда да осындай, торлы  тақтайша пайдаланылады.

Айта кету керек, тастағы суреттері бар үңгірлер – Көкентауда өлкетанушылармен табылған бірдей археологиялық кешеннің тек жартысы ғана. Бейтаныс көздерден тау шыңдары жасырған кішігірім жазықта үлкен мекен тасаланған. Адамдардың бұл жерде тұруы – жоғарғы полеолиттен (30-40 мың жыл бұрын) ерте орта ғасырға дейін. Бастапқы зерттеу жүргізу барысында мекеннен қабырғаларының биіктігі үш метрге жететін тастан жасалған тұрғын үйлердің қалдықтары табылды. Олардың кейбірінің маңайынан тас құралдар, сондай-ақ ежелгі шеберлер үшін үстелше ретінде қызмет еткен үлкен тастар табылды. Ал тас құралдар шақпақ тастан жасалған. Шақпақ тастан жасалған құралдардың таңы бір жартысы жазықта ағып жатқан бұлақ басынан табылды.

Сонымен қатар андроновтар мәдениетіне жататын шақпақ тастар, суреттер табылды. Барлық ашылған фактілерді біріктіре отырып және табылған олжаларды талдай келе, өлкетанушылар елді мекен кезінде бірнеше ғасыр бойы ірі сауда-қолөнер орталығы болған деп санайды.

Осы қорытындылар археологиялық қазбалармен дәлелденді. Мекенде жұмыс істей жүріп, көлеміне қарап оны прото-қала деп атауға болады. Археологтар керамикадан және темірден бұйымдар жасаған ежелгі шеберхананың қалдықтарын тапты.

Егер бұл жерде ұзақ жылдар бойы адамдар тұрса, яғни жақын жерде қорымдар болуы тиіс. Ежелгі қорымдар да табылды. Олардың көлеміне қарағанда, бұл жерде прото-қаланың бірнеше буыны жерленген. Ең кейінгі қорымдарға тас мүсіндер орнатылған. Бұл ерте орта ғасырдағы түрік дәуіріне тән. Олардың кейбірі желмен, боранмен құлатылған, ал қалғандары оларды осыдан мың жыл бұрын туыстары орнатқан орындарында тұр.

Тас мүсіндердің бірі өте жақсы сақталған. Одан қатесіз адам бейнесін көруге болады. Айтпақшы, осы мүсінді үйге қайтпақ жолда  Павел Жуковтың жұбайы, Элеонора Александровна Крутько тапқан.

Ал «Прииртышье» өлкетанушылар қоғамының мүшесі Наталья Рыкова Көкентауға тағы бір барғанында балбал тастарды және құрылыс блоктарын жасауға арналған тас өндіру орнын тапты.

Өлкетанушы Марат Сасанов мекеннен және тастағы суреттері бар үңгірлерден алыс емес жерден биіктігі 1,5 метр, салмағы 5-6 тонна болатын ірі гранит блоктарының жұмбақ құрылымын ашты. Ол биіктігі бір метрге жететін үлкен гранит блоктарынан тұратын үш қабатты қоршаумен қоршалған. Оның үстіне тастар адам олардың арасында еркін қозғалатындай етіп орналастырылған.  Бұл кешеннің «оңтүстік-солтүстік» бағдары екені анықталды.

Бұл не құрылым екені әлі белгісіз. Мүмкін, бұл ерекше ғұрыптық орын, ғибадатхана және храм. Тағы бір нұсқа – ежелгі астрономиялық кешен.

Әр өлкетанушының Көкентаумен байланысты өзіндік ерекше тарихы бар.

Біздің өлке көптеген құпиялар мен таңғажайып оқиғаларға толы жер. Бүгін біз солардың бірін ғана аштық. Көкентау үңгірлерінің құпияларын аяғына дейін ашу үшін археологиялық экспедициялар, өз ісінің энтузиастары керек. Ең бастысы, осы ескерткіштерге қорғау үшін мемлекеттік күзет қажет. Көкентау жазбалары жақында біздің өңірдің тарихи-мәдени мұра ескерткіштерінің қатарына кіретіні қуантады, бұл дегеніміз енді олар мемлекеттің қорғауында болады. Мемлекеттің қамқорлығына жазбалар ғана емес, сонымен қатар сол заманда өмір сүріп, еңбек еткен адамдардан біздің заманымызға естелік ретінде жеткен ескерткіштердің үлкен кешені де кіреді деген сенімдеміз.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button