ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін 18 қаңтарда сағат 12:00 шамасында Семей қаласының Энергетик ықшам ауданында DAEWOO маркалы автобус УАЗ маркалы полиция органдарының қызметтік көлігіне жол бермей, екі көлік соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақат алғандар жоқ, тек материалдық шығын келтірілді.
DAEWOO көлігінің 61 жастағы жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚК 610-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Semeynews.kz