ҚоғамОқиғаСемейТОП

Семейде автобус полиция көлігімен соқтығысты

Жол-көлік оқиғасы салдарынан патрульдік автокөлік кюветке аударылып қалды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін 18 қаңтарда сағат 12:00 шамасында Семей қаласының Энергетик ықшам ауданында DAEWOO маркалы автобус УАЗ маркалы полиция органдарының қызметтік көлігіне жол бермей, екі көлік соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақат алғандар жоқ, тек материалдық шығын келтірілді.

DAEWOO көлігінің 61 жастағы жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚК 610-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button