ШҚОТОП

Шығыс Қазақстанда қатты жел мен бұрқасын күтіледі

«Қазгидромет» ШҚ филиалының ақпараты бойынша облыстың батысында бұрқасын қүтіледі.

Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, орталығында 15-20 м/с.
Халыққа өте мұқият болу ұсынылады. Жүргізушілер жылдамдық режимін және арақашықтықты сақтаулары қажет. Жаяу жүргіншілер жарақат алу мүмкіндігін азайту үшін шаралар қабылдауы керек.
Мүмкіндігінше үйде болыңыз. Егер қатты жел соққанда, Сіз көшеде болсаңыз, жеңіл құрылыстардан, электр беру желілерінен, жарнама қалқандарынан және басқа да аспалы құрылымдардан, ағаштардан алыс болыңыз. Үлкен және ескі ағаштардың астына көлік қоймаңыз.
Автожолдардың жай-күйі, дауылды ескертулер туралы ақпаратты «Дәрмен» тегін ұялы қосымшасын жүктеу арқылы біле аласыз.
Төтенше жағдайлар туындаған кезде «112» нөміріне қоңырау шалыңыз.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button