
Осы күні облыс басшысы Комсомол кентінде тұрғын үй кілттерін табыстау салтанатына қатысты.
- Сіздерді осы қоныс тойларыңызбен құттықтаймын, мен қуаныштымын. Әр отбасына жаңа үйдің кілтін алу – үлкен қуаныш. Сіздерді Тұңғыш Президенті күнімен және еліміздің Тәуелсіздік күні меркесімен құттықтаймын, сіздерге зор бақыт, денсаулық тілеймін, – деп құттықтады облыс әкімі.
Биылғы жылы «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы шеңберінде 14 отбасы жаңа пәтер кілттерін алды.
Semeynews.kz