ШҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша соңғы тәулік ішінде COVID-19 инфекциясына шалдыққан 84 адам тіркелді.
Оның ішіндегі 76 науқаста симптом бар болса, 8 адам вирусты симптомсыз өткеруде.
«Бір күнде 54 пациент қауіпті дерттен толықтай сауығып шықты. 5 симптомсыз вирустасушы үй карантинін аяқтады. Қазіргі уақытта аймақта стационар жағдайында 557 пациент ем-дом қабылдап жатыр. Жалпы облыс стационарларда төсек-орынның қамтылуы – 16,6%-ды құрайды», – делінген ақпаратта.
Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Шығыс Қазақстан облысында Pfizer вакцинасын 800-ге жуық адам салдырғаны хабарланған.
Semeynews.kz