Covid-19ШҚОҚоғамТОПШҚО

ШҚО стационарларында 557 науқас коронавирустан емделіп жатыр

Шығыс Қазақстан облысындағы стационарларда коронавирус жұқтырған 557 науқас емделіп жатыр , деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ШҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша соңғы тәулік ішінде COVID-19 инфекциясына шалдыққан 84 адам тіркелді.

Оның ішіндегі 76 науқаста симптом бар болса, 8 адам вирусты симптомсыз өткеруде.

«Бір күнде 54 пациент қауіпті дерттен толықтай сауығып шықты. 5 симптомсыз вирустасушы үй карантинін аяқтады. Қазіргі уақытта аймақта стационар жағдайында 557 пациент ем-дом қабылдап жатыр. Жалпы облыс стационарларда төсек-орынның қамтылуы – 16,6%-ды құрайды», – делінген ақпаратта.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Шығыс Қазақстан облысында Pfizer вакцинасын 800-ге жуық адам салдырғаны хабарланған.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button