7 қарашада көлік қаққан 11 жасар Никитаның жағдайы өте ауыр. Бала әлі күнге дейін Риддер ауруханасында жатыр, оны санавиациямен Өскеменге немесе Нұр-Сұлтан қаласына жеткізу, баланың өте ауыр жағдайда болуына байланысты мүмкін болмауда.
Баланы – ауыр бас сүйек-ми жарақаты, мидың ауыр және ми бағанының контузиясы, орта мүшелерінің және өкпе жарақаты, мидың ісінуі, кома диагнозымен ауруханаға жатқызылған.
Алдағы демалыста Риддерге астаналық дәрігер-реаниматолог жеткізілді.
“Емдеу жалғасуда, жағдайы бұрынғысынша ауыр, кеше баланы облыстық реаниматолог қарады”, – деді ШҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінде.
Semeynews.kz