ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, адам сүйектерінің табылу фактісіне байланысты Семей қ. ПБ Әуезов ПБ сотқа дейінгі тергеу басталды.
«Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптамасы тағайындалды, тиісті тергеу амалдары жүргізілуде, нәтижесі бойынша процессуалды шешім қабылданады. ҚР ҚІК 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайды», – деп түсіндірді баспасөз қызметінде.
Еске сала кетейік, бұған дейін «Прииртышье» өлкетану қоғамымен Жаңа құрылыс ауданында жөндеу жұмыстары кезінде адам сүйектері табылғаны туралы айтқанын хабарлаған болатынбыз.
Semeynews.kz