ҚоғамОқиғаСемейТОП

Семейде табылған адам сүйектері сараптамаға жіберілді

Семейде жақында жөндеу жұмыстары кезінде табылған адам сүйектері сараптамаға жіберілді, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, адам сүйектерінің табылу фактісіне байланысты Семей қ. ПБ Әуезов ПБ сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптамасы тағайындалды, тиісті тергеу амалдары жүргізілуде, нәтижесі бойынша процессуалды шешім қабылданады. ҚР ҚІК 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайды», – деп түсіндірді баспасөз қызметінде.

Еске сала кетейік, бұған дейін «Прииртышье» өлкетану қоғамымен Жаңа құрылыс ауданында жөндеу жұмыстары кезінде адам сүйектері табылғаны туралы айтқанын хабарлаған болатынбыз.

 Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button