ҚоғамОқиғаСемейТОП

Семейде бір тәулікте төрт өрт оқиғасы орын алды

Семейде бір тәулікте төрт жер үйдегі өрт тіркелген, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, бір тәулікте Семей қаласында төрт өрт оқиғасы тіркелген.

9 қарашада сағат 10:00 шамасында Бобровка кентінде жер үйде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен. Жер үйдің төбе жабындысының ағаш бөліктері өртенген. Құтқарушылармен 15 шаршы метр алаңдағы өрт сөндірілді. Өрттің шығу себебі, алдын ала болжамдар бойынша – пешті пайдалануда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау.

Дәл осындай себептер бойынша Суық бұлақ кентінде, Шар көшесі бойында,ғы жер үйде өрт шыққан. Үйдің қонақ бөлмесіндегі ағаш бөліктері, жиһаздары, есік және терезе бөліктері жанған. Өрттің жалпы ауданы – 5 шаршы метр.

Үшінші өрт оқиғасы Березовая көшесінде орын алды. Жер үй ауласындағы шаруашылық құрылыс өртенген. Өрттің жалпы ауданы – 50 шаршы метр. Отты абайсызда пайдаланудан өрт шыққан.

Төртінші өрт оқиғасы 21 сағат 25 минутта Пржевальский көшесі бойындағы жер үйде болған. Үйдің төбе жабындысы, есік және терезе бөліктері, жиһаздары, жеке заттары өртенген. құтқарушылармен 138 шаршы метр алаңдағы өрт сөндірілді. алдын ала болжам бойынша өрттің шығу себебі – электржелілерін орнатуда және пайдалануда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button