ҚоғамОқиғаСемейТОП

Семейде бұзақылық салдарынан студенттер зардап шекті

Жатақханаға баллоннан газ шашқан студент оқудан шығарылады және оған қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Кеше, 29 қазанда, сағат 23:30-да Электротехникалық колледждің ІV курс студенті абайсызда жатақхана бөлмесінде балондағы бұрыш аэрозолін шашып алған. Нәтижесінде 14 студенттің көздері қызарып, уланған. Колледж әкімшілігі жағдайға дереу шаралар қабылдап, жедел жәрдемді және полицияны шақырған. Студенттер ауруханаға жатқызылды.

  • Бізде жатақхана кіреберісте күзет қызметі қатаң тексереді, бірақ осы жолы, өкінішке орай, баллонды тауып ала алмады, себебі ол көлемі жағынан тым кішкене болды, атап айтсақ бас бармақтай ғана. Оны студент қалтасына алып кірген. Сағат 23:00-де жатақханада ұйқыға жатады. Бәлкім, барлығы ұйқыға жатқанда, сағат 23:30-да баллон тетікшесін басқан, тіпті бейнабақылауда көрініп тұр, нәтижесінде жатақханада дүрбелең басталып, студенттер тұншығып, далаға қашып шықты. Жатақханада тұратындар ғимараттан шығарылды. Көздері қызарған студенттерге жедел жәрдем шақыртылып, ауруханаға жатқызылды. Сонымен қатар полиция шақыртылды. Оқиғаға біздің колледждің 4-курс студенті кінәлі екені анықталды, оған қатысты кіші бұзақылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғадан кейін жатақхана тексеру жүргізілді және балалар ауруханадан шыққанда жатақханаға келеді. 14 студент зардап шекті, олардың басым бөлігі медицина колледжінің студенттері. Кінәлі студентке тоқталатын болсақ, біз оның Үржар ауданында тұратын ата-анасын шақырттық, олар қазір жолда. Студент оқудан шығарылады. Колледждің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарына және осы оқиғаға қатысы бар қызметкерлерге сөгіс жарияланады, – деп колледж директоры Марат Серікболұлы жағдайға түсіндірме берді.

Медицина қызметкерлерінің айтуларынша, зардап шеккен студенттердің жағдайлары қалыпты, денсаулықтарына қауіп жоқ. Балалардың жартысын ауруханадан шығаруға дайындауда.

  • Бүгін университет госпиталінің педиатриялық бөлімшесінде белгісіз газбен уланған 14 студент жатыр. Кеше оларға қажеттіліктері бойынша шұғыл көмек көрсетілді. Олардың алтауы кеше шығарылды. Қазір ауруханада жатқан балалардың жағдайлары қалыпты, қанағаттанарлық деп айтуға болады, орташа ауыр дәрежеде. Түнде 8 адам жансақтау бөлімшесінде болды, жағдайларының түзелулеріне байланысты таңертең палатаға шығарылды. Денсаулықтарына қауіп жоқ. Жақында балалар ауруханадан шығады, – деді «СМУ» КАҚ университет госпиталінің кезекші педиатры Балжан Олжаев.

Аталған факті бойынша Семей қалалық ПБ Затон ПБ ҚР ҚК 293-бабының 3-бөлігі (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. ҚР ҚІК 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайды.

Электротехникалық колледжінің жатақханасында бүгінгі таңда 291 студент тұрады, олардың 99-ы электротехникалық колледждің студенттері, ал 173-і «Семей» медициналық колледжінің, 18-і агробизнес колледжінің және біреуі медицина университетінің студенттері. Жатақхананың барлық тұрғын бөлмелері және тұрмыстық орынжайлары арнайы қызметпен тексерілді. Жатақханада тұратын студенттер бөлмелеріне орналастырылды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button