ҚоғамСемейТОП

Семейде 2 мың көшет отырғызу науқаны басталды

Қалада ағаш отырғызу науқаны қарқынды басталды. Барлығы 2000 көшет отырғызу жоспарлануда, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Олар Сәтпаев көшесі бойында, Ұшақтар ықшам ауданында және Өскемен тас жолына шығаберісте отырғызылады. Қала ішінде шетен, қайың және пирамидалды теректер отырғызылады. Айта кетейік, шетен ағаштары оң бұрылыстарды орнату кезінде кесілген ағаштардың орындарына отырғызылады.

  • Ағаштарды отырғызу қаланың сыртқы келбетін гүлдендіру және аббаттандыру үшін Семейді көгалдандыру бағдарламасы бойынша жүргізілуде. Көшеттерді отырғызу 15 қарашаға дейін жалғасады, егер, ауа-райы қолайлы болған жағдайда жұмыс ары қарай жалғасын табады. Қарағай, қарағаш және пирамидалды терек отырғызылуда. Шетен ағаштары оң бұрылыстарды орнату кезінде кесілген шетен ағаштарының орнына отырғызылады. Мердігер ұйым көшеттерді сатып алуда. Өтемақылық тәртіпте қала ішінде 900 ағаш отырғызылады, оның 100-і шетен, 400-і қайың және 400-і пирамидалды терек, – деді Семей қ. ТКШ аббаттандыру секторының меңгерушісі Азамат Күмеков.

Ағаш отырғызуға мердігер мекенің және әскери бөлімдердің бірінің әскерилері жұмылдырылды. Жұмыс жалғасуда.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button