ҚоғамҚылмысСемейТОП

ШҚО тұрғынынан 2 келі марихуана тәркіленді

Семейлік полицейлермен есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен 40 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ағымдағы жылдың қазан айының ортасында «Қарасора» және «Рефлекс» жедел-профилактикалық іс-шараларын өткізу барысында Семей қ. ПБ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері Герцен көшесінде есірткі құралдарының заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен 40 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады.

Оның тұрғылықты жері бойынша кідіріссіз тінту барысында екі жатын бөлмедегі шкафтан ішінде жасыл түсті заты бар бір қағаз түйіншек пен қорап табылды және тәркіленді.

Сондай-ақ, моншаны тінту кезінде полицейлер екі полиэтилен пакет пен өсімдік тектес жасыл түсті зат салынған тегене тапты.

Сараптама қорытындысына сәйкес – күдіктінің тұрғылықты жері бойынша алынған зат жалпы салмағы 2 келі 026 граммдағы «кептірілген марихуана» болып табылды.

Жауап алу барысында күдікті өз үйінде марихуананы жеке пайдалану үшін өсіріп кептіргенін айтқан. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

– Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі, «Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатынсыз аса ірі мөлшерде заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – деді ведомствода.

Аталған баптың санкциясы үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button