ҚазақстанҚоғамОқиғаТОП

Маңғыстау облысында бес әскери қызметкер жарақат алды

Маңғыстау облысында оқу-жаттығу полигонын жоспарлы тазалау кезінде бес әскери қызметкер жарақаттанды. Бұл туралы қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға 27 қазанда болған.

“Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу полигонын жоспарлы тазалау барысында бес әскери қызметкер жарақат алды. Оларға қажетті медициналық көмек көрсетілді. Дәрігерлер әскери қызметкерлердің жағдайын қанағаттанарлық деп бағалауда”, – делінген хабарламада.

Бұл факті бойынша тексеріс басталды.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button