ҚоғамСемейТОП

Семейде NEET санатындағы жастардың проблемаларын талқылады

Семейде міне екінші жыл NEET санатындағы жастарды әлеуметтендіру бойынша жоба жүзеге асырылуда, деп хабарлайды Semeynews.kz.

NEET буыны – түрлі себептер бойынша оқымайтын, жұмыс істемейтін және өз біліктілігін көтермейтін жастар. Жоба шеңберінде NEET санатындағы жастардың проблемаларына кешенді қарауға мүмкіндік беретін қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы толығырақ Семей қаласының аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен пресс-конференцияда «Жастар және балалар ұйымдарының Шығыс Қазақстан облыстық Ассоциациясы» Заңды тұлғалар бірлестігінің Семей қалалық филиалының директоры Эльзира Жүнісова мәлімдеді.

  • Екінші тоқсанның қорытындысы бойынша Қазақстанда статистика бойынша NEET жастарының саны 6,7% құрады. Шығыс Қазақстанда 2021 жылдың екінші қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш – 5,8%. Біздің көрсеткіш республикалық деңгейден айтарлықтай төмен. Өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда, көрсеткіш қазір төмен. Пандемия кезеңінде NEET көрсеткіші барлық аумақта артты. Жоба нәтижесіне тоқталатын болсақ, біздің басты мақсатымыз – NEET санатындағы жастарды әлеуметтендіруге жағдай жасау. Біз осы жобаны екінші жыл жүзеге асырудамыз және екі жыл көлемінде осы санаттағы жастармен жұмыс жүргізудеміз. Жоба шеңберінде жастардың қатысуымен семинарлар, сұхбаттасу алаңдары және басқа да іс-шаралар өткізілуде, – деп хабарлады Эльзира Жүнісова.

Жүргізілген әлеуметтік сауалнамаға сәйкес, бүгінгі таңда Шығыс Қазақстанда NEET санатындағы жастардың жұмыссыздығы 40,3%-ды құрады. ШҚО жастарының жұмыссыз болуының басты себептерінің бірі – «жұмыс іздеуге деген ниеттерінің болмауы» емес, ал жұмыстың болмауы. Сондықтан, конференцияда атап өткендей, жастардың басты проблемаларының бірі болып жұмыссыздық қала береді.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button