ҚоғамСемейТОП

ШҚО әкімінің орынбасары Семейде жастармен бейресми кездесу өткізді

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Азамат Мухамедчинов Семей қаласының, сондай-ақ Абай, Бесқарағай, Бородулиха аудандарының жастарымен бейресми форматта кездесу өткізді, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Кездесу түрлі салада қызмет жасап жүрген, оқып жүрген жастардың басын қосты. Іс-шара барысында жастар еркін сұхбат алаңында өз сауалдарын қойып, пікір алмасты.

  • Жастар – қоғамның осал топтарының бірі, біз оны түсінуіміз керек. Әр білім ордасының өкілдері көпбалалы және аз қамтылған отбасылардағы балаларды өз қамқорлықтарына алып және өз достарына және курстастарына көмектессе деп қалаймын. Олар қоғаммен бірге болып, одан ары жоғарлауға талпынулары қажет. Біз бұл жерге бәрі жақсы, бәрі дұрыс деп айту үшін жиналған жоқпыз, бұл мүлдем дұрыс емес. Айтыңыздар, қандай көмек қажет. Көкейлеріңізде жүрген проблемаларды айтыңыздар, мен естиін, содан кейін біртіндеп шешеміз. Сіздердің әрқайсыларыңыз түрлі салаларда жұмыс істейтейсіздер, сіздерде сұрақтар болу керек: мүмкін бір жерде бірдеңе шықпай жатыр, мүмкін бір жерде тәжірибелеріңіз, білімдеріңіз жетіспей тұрған шығар. Мүмкін менде де тәжірибе жетіспей тұр, бірақта, сіздермен жүздесудің арқасында сіздер сол нәрсеге менің көзімді ашатын шығарсыздар, – деді Азамат Мухамедчинов.

Өз кезегінде жиналғандар қазіргі уақытта орын алған проблемаларға тоқталып, қазіргі жастар елімізде жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпараттандырылмайтынын атап өтті.

  • Мен «Елбасы Медалі» жобасының жеңімпазы және қола жүлдегерімін, бүгінгі кездесуде болып мен бірқатар проблемаларды белгілеп өттім. Басты проблемалардың бірі – жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы жастардың хабарландырылмауы. Тиісті жарнамалар жоқ, дегенмен сол жобалар жастарға көптеген мүмкіндіктер ашады. Менің ойымша, осындай кездесулер қажет және маңызды, себебі бізді облыс әкімінің орынбасары естіді және болашақта аталған проблемаларды шешуде елеулі өзгерістер көреміз деп ойлаймын, – деді кездесуге қатысушылардың бірі, Шәкәрім университетінің студенті Полина Лапина.

Кездесу соңында Азамат Мухамедчинов жастармен көтерілген мәселелердің барлығы бақылауға алынатынын және келесі кездесу алдағы жоспарларды талқылау үшін оқу орындарының басшыларымен өтетінін айтап өтті.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button