ҚоғамСемейТОП

«Туристер қандай пікірде қалады?»: Азия Чемпионаты Семей өтпейтін болды

Ұйымдастырушылар қазіргі таңдағы Семейдегі жағдайдың көңілден шықпауына байланысты Азия Чемпионатын басқа қалада өткізуге шешім қабылдады, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Бұған дейін, келесі жылғы кубик Рубикті жылдам жинау бойынша 2022 жылғы Азия Чемпионатын Семейде өткізу туралы шешім қабылданған. Азия біріншілігі, Әлемге Ұлы ойшыл – Абай Құнанбайұлын, данышпан Шәкәрім мен мұхит ойлы Мұхтар Әуезовты сыйлаған текті топырақта әлемнің түрлі елдерінің спидкуберлерінің басын қосып, қала туризмін дамытушы еді. Енді спидкубинк федерациясының басшысы Арман Машимов Чемпионат Семейде өтпейтінін хабарлады. Ұйымдастырушылар, қала келуші қонақтарға теріс әсерде көрінуі мүмкін деп есептейді.

  • Біз кубик Рубикті жылдам жинау бойынша 2022 жылғы Азия Чемпионатын басқа қалада өткізуге шешім қабылдадық. Бастапқыда Семей қаласында өткізуді жоспарлағанбыз. Осындай халықаралық деңгейдегі шараны өткізу құқығын алу үшін біз жылдар бойы еңбек еттік және қаржылай шығындар шықты. Мақсат жақсы: қаланың туристік әлеуетін дамыту. Тек, қаламызға келген туристер нені көреді? Осы қорқыныш туғызады, – деді Арман Машимов.

Ұйымдастырушылардың айтуларынша, Чемпионат болады, бірақ басқа қалада өтеді. Барлық варианттар қарастырылатын болады.

Еске салайық, шынында, соңғы уақыттарда Семейде проблемалар аз емес. Бір жерде қоқыс шығаратын компания жұмысшылары ереуілге шығып жатса, бір жағынан жолаушылар тасымалы мәз емес, қала ішіндегі жолдардың кейпі анау, көшені жарықтандыруың міне. Отбасымен бірге серуендеуге болады деген аспалы көпірдің «ақылды» жарықтандыруы әне.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button