ШҚОҚоғамҚылмысТОПШҚО

ШҚО-да жасөспірімдер көлікті ұрлап кеткен

Өскеменде бір топ жасөспірім автокөлікті ұрлап кеткен, деп хабарлайды Semeynews.kz.

ШҚО ПД баспсөз қызметінің хабарлауынша, Өскемен қаласында бір топ жасөспірімдер қала ішінде қыдыру үшін ВАЗ-2105 автокөлігін жүргізіп кеткен.

Жоғалғаны туралы бірнеше күн бұрын Өскемен қаласының 48 жастағы тұрғыны хабарлаған. Ер адам таңғы сағат 6-да белгісіз тұлғалар оның ВАЗ-2105 маркалы көлігін заңсыз иемденіп, 800 мың теңге шығын келтіргенін хабарлаған.

Осы хабарлама бойынша патрульдік полиция қызметкерлері «Ұстап алу жоспарын» жүргізген. Көп ұзамай жедел басқару орталығы камераларының көмегімен полицейлер нысанды қай бағытта жүргенін анықтаған.

“Боран-2” патрульдік полициясының экипажы күдікті автокөлікті қуып жетіп, бірден жақын бағытта жүрген “Боран-3.1″жасағына машина туралы ақпарат бере бастаған. Кейін патрульдік полиция қызметкерлері тас жолға тастап кеткен ВАЗ маркалы көлікті, сондай-ақ орманға қарай қашып бара жатқан үш жасөспірімді байқаған. Аталған факті бойынша облыс орталығының 14, 17 жастағы тұрғындары ұсталған. Олар көлікті қыдыру үшін ұрлап әкеткенін мойындаған, ал қозғалтқышты сымдарды тұтату арқылы іске қосқан. Белгілі болғандай, машинада дабыл болмаған.

“Кәмелетке толмаған жүргізушіге қатысты ҚР ҚК 200-бабы 2-бөлігі (Автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұрланған көлік уақытша тұраққа қойылды. Тергеу әрекеттері жүргізілгеннен кейін ол иесіне қайтарылады. Сондай – ақ, кәмелетке толмағандардың ата-аналарына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабы 1-бөлігі “ұсақ бұзақылық” бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды”, – деп түсіндірді Өскемен полиция басқармасының басшысы Андрей Мула.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button