ҚоғамҚылмысСемейТОП

Семейлік полицейлермен кезекті алаяқ ұсталды

Семейлік полицейлермен 30 жастағы семейлік тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Семей қалалық ПБ баспасөз қызметінің мәлімет бойынша, ағымдағы жылдың 9 қазанында Орталық полиция бөліміне 32 жастағы қала тұрғыны арызбен жүгінген. Белгілі болғандай, осы жылдың сәуір айының басында ол танымал сайттардың бірінен газоблок кірпіштерін сату туралы хабарландыру көреді. Құрлысқа қажет болған соң  хабарландыру иесімен қаланың орталығында кездесіп, оның нарық бағасынан арзанға кірпіш тауып беремін деген сөзіне сеніп, алдын ала төлем ретінде 168000 теңге ақшаны санап береді. Кейіннен жәбірленуші қалаған өнімді ала алмай, алаяқтың құрбаны болғанын түсінген.

«Жедел іздестіру шарасы барысында еш жерде жұмыс істемейтін, бұрын сотты болмаған 30 жастағы жергілікті тұрғын анықталды.  Күдікті өз кінәсін толық мойындап, алған ақшаны өз қажетіне жұмсағаны белгілі болды.  Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктінің басқа қылмыстарға қатысының бар жоғы тексерілуде – деп түсіндірді ведомствода.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button