ҚоғамСемейТОП

Семей әкімі қала көшелерінің жағдайын тексерді

Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов қала көшелерін аралады, деп хабарлайды Semeynews.kz.

Семей қалалық әкімдігінің ақпаратына сәйкес, 12 қазан күні таңғы сағат 7-де Семей қаласының әкімі Бақытжан Байахметов бөлім басшылары және коммуналдық қызмет өкілдерімен бірге көшелер мен жерасты өткелдерін абаттандыру жұмыстарының барысын тексерді.

Қ.Мұхамедханов көшесіндегі жер асты өткелінде жөндеу жұмыстары тамыз айында басталды. Қазіргі уақытта бұл жерде соңғы жұмыстар жүріп жатыр. Дегенмен, тексеріс барысында мердігердің жұмыс сапасы наразылық тудырды. Кейбір жерлерде кафельдер біркелкі орнатылмаған және тақталар сынған. Сонымен қатар, жерасты өткелінен шығатын барлық төрт жолдың жағдайы да қанағаттанарлықсыз күйде. Әкім көрсетілген кемшіліктер жойылғанға дейін мердігерге ақша төлемеуді тапсырды.

Ағымдағы жөндеу жұмыстары Достоевский және Қаржаубайұлы көшелері бойындағы жерасты өткеліндерінде де жүргізілуде. Аталған көшелердегі жерасты өткелдерде еден, төбе, қабырға жабындарын ауыстыру, жарықтандыру мен пандустарды монтаждау қарастырылған. Нысанды тапсыру мерзімі – осы жылдың қазан айы.

Тағы бір маңызды мәселе – Энергетик кентіндегі жарықтандыру және жол мәселесі. Әкімнің жеке блогына жолдаған үндеулерінде тұрғындар іргелес көшелерді жарықтандыру және жолдарды жөндеу мәселесін шешуді сұраған еді. Жедел кеңес барысында жөндеу жұмыстарының жоспарына түзетулер енгізу және оған Энергетик кентін абаттандыруды енгізу туралы шешім қабылданды. ШҚ АЭК және Сеченов аялдамасы маңында жақын арада жаңа тіректер мен шамдар орнатылып, жарықтандыру қосылатын болады.

Сондай-ақ, Бақытжан Байахметов оң жақ бұрылыстарды ретке келтіру жұмыстарын тексерді. Биыл қаланың ең көп жүретін көшелерінде 12 оң жақ бұрылыс абаттандырылады. Соның бірі Қаржаубаев-Сеченов көшелерінің қиылысында орналасқан. Аталмыш нысанды іске қосу автокөлік қозғалысын айтарлықтай жеңілдетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Қаржаубайұлы көшесі бойынша жол учаскесін кеңейту туралы алдын-ала шешім қабылданды, мұнда қосымша көлік жүретін жолақ пайда болады.

Дальняя ауданында «Дорожник» қазандығынан №38 мектепке дейінгі жылу трассасын қайта жаңарту жүргізілуде. Мердігер ұйым – «BERTYS construction» ЖШС. Жұмысты аяқтау мерзімі бірнеше рет кейінге қалдырылды. Енді мердігер ұйым жұмысты 25 қазанға дейін аяқтауға уәде берді. Жұмыстар аяқталған соң мектеп осы қазандыққа қосылады.

Таңертеңгі рейд қорытындысы бойынша мердігерлердің жұмысына бақылауды күшейту тапсырылды.

Қысқы уақытқа дайындық мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Себу материалдары дайын, ендігі кезде техниканың уақтылы шығуын қамтамасыз ету қажет.

Орындалатын жұмыстарды бақылау мақсатында, таңертеңгі рейдтерді аптасына 1 рет өткізу жоспарлануда.

Semeynews.kz

Осы айдарда

Back to top button